«Ғылым ордасы» Орталық ғылыми кітапханасы көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, филология ғылымдарының докторы, түркітанушы ғалым Мырзатай Жолдасбековтың 80 жасқа толған мерейтойына арнап ғалымның ғылыми еңбектерінен кітап көрмесін ұйымдастырды.
Мырзатай ЖолдасбековЖамбыл Жабаев шығармашылығын зерттеуге мол үлес қосқан ғалым. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі мен жыраулардың ақындық өнерлері туралы жазған көптеген зерттеулері ұлт мәдениетіне қосқан баға жетпес құнды еңбек болып табылады. Түрік қағанаты кезіндегі Орхон-Енисей жазба ескерткіштерін қазақ ғалымдары арасында алғашқылардың бірі болып жаңаша зерделеп, қазақ тіліндегі аудармасын ғылыми айналымға енгізді.
Ғалым республикадағы университтетерде ректорлық, министрліктерде жоғары лауазымдағы қызметтерді абыроймен атқарды.Көптеген Мемлекеттік наградалардың иегері болды.
Қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков Қазақстанның Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін де абыроймен атқарды. Көрмеден ғалымның ғылыми еңбектері және ол туралы жазылған материалдармен танысуға болады.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
«ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ»
“Ғылым ордасы” РМК
бас директоры
Төлтаев Бауржан Төлтайұлы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты