2017 жылдың сәуір айында «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасында Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясыныңкорреспондент-мүшесі, Өнертану ғылымдарының докторы,профессор Сара Әділгерейқызы Күзембаеваның туғанына 80 жыл толуына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
С. Күзембаева Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнер қайраткері. Қазақстан Білім Беру ісінің Үздігі. Алматы мемлекеттік консерваториясының музыка теориясы мен тарихы факультетін (1961, қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген соң консерваторияда оқытушы (1961–65), ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры (1984–87), Қазақстан ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтында кіші (1966–74), аға ғылыми қызметкер, жетекші маман (1974–1987, 2000–2005),2009 жылдан бас ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді. Арқалық педагогикалық институтында оқытушы (1993–99), бөлім меңгерушісі (2005–09) болды. 1961 жылы Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясының тарихи-теориялық факультетін бітірген. 1961-1965 жылдары аталған оқу орнының теория кафедрасының оытушысы, 1966-1984 жылдары М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының кіші және аға ғылыми қызметкері, 1984-1993 жылдары әдебиет және өнер институтының бөлім меңгерушісі, музыка-теориясы кафедрасының профессоры. 2007 жылы «Национально-художественные традиции и их конвергентность в казахской опере» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның ғылыми-зерттеу еңбектері негізінен қазақ операсының тарихы мен теориялық мәселелеріне арналған. С.Күзембаеваның 100-ден астамғылыми еңбектері жарық көрген.Ш.Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты.
Қойылған көрмеден ғалымның монографиялары, ғылыми еңбектері және ғалым туралы жазылған материалдармен танысуға болады.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
«ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ»
“Ғылым ордасы” РМК
бас директоры
Төлтаев Бауржан Төлтайұлы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты