
СӘРСЕКЕ М. Семей қасіреті деректі тарихи хикаят. Соңғы нұсқа, толықтырылған. — Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2019. — 688 б.
ISBN 978-9965-22-559-8
«Семей полигонынан зардап шегуші ретінде маған берілген 02-00191 санды куәлікте ядролық, жарылыс астында 37 жыл 2 ай болғаным ресми расталған. Демек мен осы кітапта сөз болатын шерлі оқиғалардың бәріне де тірі куәгермін. «Толған ел тарихын жақпар тасқа жазады. Тозған ел басынан кешкенді көз жасымен жуады» деген уәжге бағып, туған еліммен бірге басымнан кешкен ғасырлыққасіретті шертпей өмірден аттансам - жер басып жүргеніне мәз тоғышардың бірі болмайын деген жегі ой мені жиі мазалап, әсіресе полигон зардабынан тап болған ауыр дерттен дәрігерлер жәрдемімен сауыққан кезімде жазу үстеліне шегендегені анық...» - деген жүрекжарды сырын М. Сәрсеке осы кітаптың алғысөзінде бекерге жазбаған.
Осы ойдың жетегімен туған «Семей қасіретінде» шертілген ащы ақиқат кешегі XX ғасырда адамзат қауымына ел билеушілері жасаған аса ауыр қастандық, жайында деректі эссе түрінде өрілген кітапты оқыған кезде иланасыз.

Баймұхаметов Айгиз. Тастамашы, ана! / Хикаяттар. Аударған Саят Қамшыгер. — Алматы: «Кітап» баспасы, 2019. - 320 б.
ISBN 978-601-7888-43-5
Айгиз Баймұхаметов - жас жазушы, Башкұртстан және Ресей Жа- зушылар одақтарының мүшесі, Шайхзада Бабич атындағы Мемлекеттік республикалық жастар сыйлығының лауреаты. Уфа каласында тұратын жазушы бұл кітабында ата-анасынан айырылған жетім балалардың аянышты тағдырын баяндайды. Автор өзі тәрбиеленген балалар үйіндегі ұл-қыздардың қиын тағдырларын қарапайым, оқырманға түсінікті тілде суреттейді.
Қазақ тіліне аударылған бұл шығарма Саят Қамшыгердің қаламынан қазақ қоғамының жүрегінен ерекше орын алатын түсінігі жетік, тілі Орамды туынды болған. Аударма сапасының жоғары деңгейін айырықша атап өтуге болады, шығарма қазақ тіліндегі төл туындыдан кем түспеген.
Кітап балалар мен жасөспірімдерге, барша оқырман қауымға арналған. Башкұрт әдебиетінің талантты өкілінің бұл кітабы орыс, татар, чуваш, қырғыз, әзірбайжан, моңғол тілдеріне аударылып, үлкен сұранысқа ие болып, жұртшылықтың қызығушылығын оятқан.
Шығарма қазақ тіліне тұңғыш рет аударылып отыр.

ҚАЗАҚ ТЕЛЕВИЗИЯСЫ. Энциклопедия. - Қарағанды: «Типография Арко» ЖШС, 2019, 3-т. - 640 бет.
ISBN 978-601-06-5751-9
Әлемдік өркениет көшінің бойындағы ұлан-ғайыр сапарда қалың көрерменнің күнделікті сырласы мен сыйласына, ақылманына айналған өнер музасының бірі әрі бірегейі - көгілдір экран. Әбір үйдің төріндегі сырлы да сыршыл теледидардың ғасырға жуық қалың қатпарлы өмір деректерінде қол жеткен жетістіктері мен уыстан шығарып алған сәттері де, адамзатқа сыйлаған шаттықты кезеңдері де мол.
Кітапта танымал тұлғаларға, әр жылдарда көрермен жадында жатталып қалған бейнелі бағдарламаларға, болашаққа жол сілтер танымдық ойларға молынан орын берілген. Сонымен бірге оқырмандар мен тележурналистер жаһндық әрі отандық телеарналар тарихы мен қазіргі күннің сандық телевизиясы жайлы да тың және қызғылықты деректерден, айшықты кестелер мен өткен күндер тарихынан сыр шертер суреттерден, мазмұнды да мағыналы мәліметтерден хабардар болады.

Қайыңбаев М. Гильгамеш туралы дастан. (Орыс тіліндегі академиялық нұсқасынан аударған).
Алматы: «Кітап» баспасы, 2019. - 480 б, суретті
ISBN 978-601-7888-27-5
Дастан қазақ тіліне тұңғыш рет орыс тіліндегі академиялық нұсқасынан аударылып отыр.
Аталмыш еңбек қазақ қоғамындағы ғылыми зерттеу, оның ішіндегі аударма саласының жетістігі болып табылады. Бүгінгі күнге дейінгі орыс тілінде жеткізілген Гильгамеш туралы дастан енді қазақ тіліне аударылып, оқырманға жол тартпақ.
Гильгамеш туралы дастан - ежелгі Шығыстың ғажайып туындысы. Ол адамзатқа белгілі жазба көркем туындылардың ең бағзысы, кейінгі бүкіл поэтикалық көлемді дүниелердің анасы. Оның «жасы» «Иллиададан», кем айтқанда, мың жылдан астам үлкен. Гильгамеш туралы ауызша ән-жырлар біздің жыл санауымыздан III мың жыл бұрын айтылып жүрсе де, қыш кітаптарға шумер, аккад, хуррит, хетт тілдерінде түсіп, бізге жеткендерінің «жасы» одан 800 жылдай жас, яки, 8 ғасыр кейін пайда болған.
Дастанның қазақ тіліне аударылған тілі тартымды, бояуы қанық, қызықты, қисса стилінің негізі сақталып, орыс тіліндегі академиялық нұсқасына тепе тең тәржімаланған. Бір жағынан бұл ғылыми еңбек болғандықтан, поэтикалық тұрғыдан шектеулі екені белгілі, сондықтан аудармашы поэманы қалың көпшілікке қазақы, еркін жеткізуге тырысып, орысша аударманы демеу ретінде өз жанынан да сөздер қосты, олар дастанда тік жақшаның ішінде беріліп отыр.
Кітап ғалымдарға, студенттерге ғылыми дерек көзі ретінде, әдебиет қоғамында жаңаша қыр ашатын, аударма саласында өзіндік із қалдыратын қомақты еңбек болып табылады.

Сатаев А.Тарих кұпиясын ақтарған: Повестер, әңгімелер, аудармалар, роман, сұхбат, эссе, өлеңдер / Амантай Сатаев. - Алматы: «Қайнар баспасы» ЖШС, 2019.-384 бет.
ISBN 978-601-212-075-2
Қазақтың жоғары білімді, жұртқа танымал жазушы әрі тарихшы, тұңғыш кәсіби мұрағатшы - архивариусы, кезінде "тірі энциклопедия" атанған "архив орбитасындағы Затаевич", жай күндегі "Сатаевич", "геологтай ізденімпаз, құмырсқадай еңбекқор, ғұламадай танымпаз" А. Сатаевтың көлемді бұл еңбегінен оқырмандар сирек кездесетін архивтік деректерге қанығады. Одан тарихи-архивтік деректерге тұнып тұрған қазақ тарихын білгісі келетін бүгінгі зерделі оқырманның санасына маңызды мағлұматтар, еуроцентристік көзқарас жайлап алған қапас көңілдерге жарық сәуле, күн нұры құйылып, ұлттың намысын қайрайтын материалдармен танысады. Автор адамзаттың тарихын, Қазақстанның, қазақтың көнеден бергі тыныс-тіршілігін мұрағат құжаттарымен нақты дәлелдейді.
Сан салада қалам тартқан қаламгердің тарихи деректерге сүйеніп жазған "Дала күйлері", "Тұңғиықтағы тұнықтар", "Акқуды атпас болар", "Ақын ізімен", "Бесшатыр", "Көктемнің қысқа күні", "Туған жердің топырағы", "Мұстафа - Ташкентте", "Ботагөз", "Ағады Ақеділ" секілді еңбектері, Аттила, Абылай, Едіге, Бөгенбай, Шоқан, Махамбет, Абай, Сегізсері, Шоқай, Сүйінбай, Сәкен, Ілияс, Қажымұқан, Қаныш, Жүсіпбек, Мұхтар, Әлкей, Есенин, Қажымұқан, Жұмат, Шәкен, Жагорқызы, Арал тағдыры, Түркістан күмбезі туралы жазған туындылары автордың сергек зерттеуші, батыл пайымдаушы екенін дәлелдей түседі. Автор жалаң жазушының деңгейінде қалмай, архивтен іздеп тапқандарын, кәріқұлақтардан естігендерін, бір сөзбен айтқанда, бүкіл жинап, тергендерін шынайы суреттеп, жүйеге келтіре білген.

БАТЫРША-ҰЛЫ С. Дипломат жазбалары. 2-том. / Сайлау Батырша-ұлы. - Алматы: «Керемет медиа» баспа үйі, 2019.
ISBN 978-601-80718-3-6
Т. 2. - 480 бет. + 16 бет тњрлі тњсті суретті жапсырма.
ISBN 978-601-80718-5-0
Кітапқа белгілі дипломат, ҚР Дипломатия қызметіне еңбек сіңірген қайраткер, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің про- фессоры Сайлау Батырша-ұлының дипломатия саласында атқарған ұзақ жылғы қызметі, Кеңес Одағы ыдырауы және ел тәуелсіздігі үшін күресі, мемлекеттік және қоғамдық істері туралы еңбектері, ой-пікірлері енгізілді.
Жинақтың ІІ-ші томында С. Батырша-ұлы туралы жазылған еңбектер мен сұхбаттар және ойлар мен пікірлер берілген. Еліміздің егемендік алар тұстағы және тәуелсіздіктен кейінгі тартысты дипломатиялық қызметі, бостандык жолындағы батыл қадамдары мен табанды күресі де кітапқа кеңінен арқау етілген. Әр жылдарда баспасөз беттерінде жарияланған С. Батырша-ұлымен сұхбаттар мен дипломат туралы жазылған көптеген мақалалар бар.
Дипломаттың бұл таңдамалы еңбектері халықаралық қатынас маман- дарына, тарихшыларға жэәе көпшілік оқырман қауымға арналады.

ЖЕМЕНЕЙ И.Парсы және түркі жазба деректеріндегі қазақ тарихы
(Ежелгі және орта ғасырлық дәуір). / Ислам Жеменей. - Алматы: «Сардар» баспа үйі, 2019. - 224 бет.
ISBN 978-601-80767-6-3
Бұл еңбекті жазу барысында тарихшылардан, деректанушылар мен мәдениеттанушылардан құрылған арнайы топтардың отандық және шетелдік ірі архивтермен өзара жүйелі әрі ұзақ мерзімді ықпалдастықта болып, іздеу- зерттеу жұмыстарын жүргізілді. Қазақтың б.з.д. 7-6 ғасырлардан түркінің ежелгі тарихи дәуірінен бастап, Қазақ хандығы құрылған 1465 жылына дейін, тіпті, одан кейінгі дәуірлердегі тарихи деректерді парсы жазбалары деректерінен кездестіреміз.
Бұл еңбекте жер-су мен адам аттарының жазылуын екі негізге сүйене отырып жазғандығымызды ескергенді жөн көрдік: 1) Деректердің түпнұсқада қалай жазылғанына арқа сүйедік. Мәселен: - Йәсі. Бізде Ясса деп жазылып келді; 2) қазақ тілінің фонетикалық заңдылықтарына сәйкес транскрипцияладық. Мәселен: Хайдар емес Айдар. Хасан емес Асан. Келешекте Тіл комитетінің араб, парсы, түркі және т.б. мамандарының қатысуымен аталған жайттарға байланысты барлық тарихи жер-су, адам аттарын бір ізге түсіріп жазуға жаңаша бағдарламаны іске асырады деп үміттенеміз.

БАЙДІЛДИН Ш. ОЮМЕН ОЙ АЙТҚАН ЕЛМІЗ. Үшінші кітап. / Шөптібай Байділдин. - Алматы: ЖК «Тарпанбаева А.Ш.», 2019. - 248 бет.
ISBN 978-601-06-5723-6
Бұл кітапта халық шеберінің көп жыл ізденіп ұлттық нақыштағы жасаған ою- өрнектері әртүрлі такырыптарға бөлініп берілген. Альбом жоғары оқу орындарына, талапты жастарға, ұлттық ою-өрнекті қадірлеп-қастерлейтін көпшілік қауымға «Рухани жаңғыру» және «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша ұсынылып отыр.

Абдрахманов С.Өнер өлкесі: зерттеулер, мақалалар, сұхбаттар / Сауытбек
Абдрахманов. - Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2019. - 656 бет.
ISBN 978-601-338-311-8
Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының құрметті ака- демигі, филология ғылымдарының докторы Сауытбек Абдрахмановтың аты өнертанушы ретінде де ардақты. Өткен ғасырдың жетпісінші-сексенінші жылдарындағы кино, театр рецензиялары арқылы қалың жұртшылыққа жастай танылған автордың өнер жөніндегі зерттеулері, мақалалары, сұхбаттары өзі 16 жыл бойы басқарған «Егемен Қазақстан» газетінің бетінде 200 мыңнан астам таралыммен жүйелі жарияланып, дәйім оқырманның ыстық ықыласына бөленіп келді. Әйтсе де, бұған дейін олар топтастырылып, кітап күйінде шықпаған еді. Енді, міне, сол олқылықтың орны толғалы отыр.
«Өнер өлкесінен» сіз қазақ мәдениетінің майталман тұлғалары, әлемдік өнердің маржан туындылары туралы мол мәліметке қанығып, Ғабит Мүсі репов, Шыңғыс Айтматов, Олжас Сүлейменов, Людмила Зыкина, Махмұд Эсамбаев, Нұрмұқан Жантөрин, Михаил Ульянов, Андрей Кончаловский, Наталья Арынбасарова, Бибігүл Төлегенова, Гүлфайруз Исмайылова, Сергей Соловьев, Асанәлі Әшімов, Сәбит Оразбаев, Ескендір Хасанғалиев, Сатыбалды Нарымбетов, Нұржамал Үсенбаева сынды саңлақ суреткерлердің сырлы сұхбаттарын оқи аласыз.
Сауытбек Абдрахмановтың бұл кітабы қазақ мәдениеттанушылығының әлемдік өреде өрістеп келе жатқанын даусыз дәлелдейді. Терең таным мен нәзік талғам қаламгерлік шеберлікпен астасқандықтан да жинақ қызғылықты оқылады.


Послание Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана

Музей литературы и искусства имени Бухар жырау

Антиплагиатная система Strikeplagiarism.com