
Ы.ОРАЗБАЙҰЛЫ.ҚҰСЫНИ ҒАЛАМ: Өлеңдер. / Ықылас Оразбай. - Астана: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы «Атажұрт» баспа орталығы, 2018. - 176 бет.
ISBN 978-601-80721-3-0
Ықылас Оразбайұлы - осы жинақпен жыр әлеміне қанат қаққалы отырған жас ақын. Оның өлеңдерінен туған жерге, өскен елге деген сағыныш лебі еседі. Қазақы болмыстың нәрін бойына сіңірген ақынның жырларының тілі шұрайлы, ойы көркем. Біз ақынның болашағынан оқырманға ой тастайтын орамды, жүрекке жылы, сезімі сырлы шығармалар күтеміз.
Кітап көпшілік оқырманға арналады.

ҚЫДЫРОВ Б.ЖЫР-ДӘУРЕН (Өлеңдер мен поэмалар). / Боран Қыдыров. - Астана: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы «Атажұрт» баспа орталығы, 2018. - 252 бет.
ISBN 978-601-80721-2-3
Ақын Боран Қыдыровтың бұл жинағына әр жылдарда жазған әр алуан тақырыптағы өлеңдері мен ғазелдері, қос тағандары, төрт тағандары және аңыз тақырыбына жазған поэмаларының көбінің баспа бетінде жарық көргендері топтастырылып отыр. Кітап барша оқырман қауымға арналған.

Елдес Омарұлы шығармалары. 2-том. - Алматы: - «Лұғат» қоғамдық қоры. - 2018.
ISBN 978-9965-23-453-2
Т. 2.-2018. -500 б.
Бұл томға Е.Омарұлының «Жер заңы», «Ақы заңы», «Лениннің ұлт мәселесі тақырыпты сөздері» атты аудармалары енді. «Жер заңы» Кеңес Үкіметінің алғашқы жылдардағы Одақтас Республикалар аумағында жүр- гізген жер саясатын нақты көрсетеді. «Ақы заңы» - Кеңес Одағы азамат- тарының экономикалық қарым-қатынасын реттейтін, олардың құқықтары мен жауапкершіліктерін көрсететін заңнамалық құжат. «Лениннің ұлт мәселесі тақырыпты сөзі» кітабында Ресейдегі Төңкерістен бұрынғы және Төңкерістен кейінгі ұлт мәселесінің жай-күйіне, сондай-ақ жаңа орнаған Кеңес Үкіметінің ұлт мәселесінде ендігі ұстанатын саясатының қалай болу керектігі көрсетілген.
Аудармаларда түрлі экономикалық, саяси, заң терминдері қазақша берілген және қазақ тіліне икемделген. Аудармалардың зерттеушілер мен аудармашы мамандарға, сондай-ақ қалың оқырмандарға берері мол.

Елдес Омарұлы шығармалары. 1-том. - Алматы: - «Лұғат» қоғамдық қоры. - 2018.
ISBN 978-9965-23-453-5
Т. 1.-2018.-300 б.
Бұл томға Е.Омарұлының тіл білімінің түрлі мәселелеріне, жазу, емле, дыбыс, таңба, әліпби, тағы басқа да тақырыптарға арналған 31 мақаласы және «Синтаксис танытқыш» атты бұдан бұрын мүлде баспа бетін көрме- ген еңбегі еніп отыр. Қазақ жазуы мен емлесінің қалыптасуы, даму жо- лынан мол ақпарат, терең білім алғысы келген, мамандарға қазақ тілінің ғылыми синтаксисі, сөз тіркесі синтаксисі мен сөйлем синтаксисі туралы терең мағлұмат береді.
Кітаптың тіл мамандарына, сондай-ақ ғалымдарға, зерттеушілер мен ізденушілерге берері мол.

Боранбаев Ж.Дүние дүрмек:Өлең-дастандар. Жарылқасын Боранбаев. - Алматы:
«Жазушы» баспасы, 2018. - 304 бет.
ISBN 978-601-200-623-0
Екі ғасыр - екі дәуір куәгері болған ақын Жарылқасын Боранбаев бұл күндері жетпіс жасқа толып отыр. Бұған дейін де оның «Жанартаулар», «Көктем тынысы», «Жаздың жылы жаңбыры», «Мәңгілік өмір», «Маза- сыз маусым» т.б. жыр жинақтары мен «Бабай Түкті Шашты Әзиз», «Ыс- қақ баб», «Қарабура». «Тарихи тұғыр», «Едіге», «Созақ көтерілісі», «Қара шаңырақ қалған жұрт», «Шығыс шайырларының соңы - Шәді ақын», «Тума талант - Саттар Ерубаевтың туғанына 100 жыл» т.б. тарихи-та- нымдық кітаптары жарық көрген. Елге кеңінен танымал «Қазақы дастар- қаным», «Қоштасқым келмейді», «Сен екеуміз», «Неліктен» т.б. әндердің мәтінін жазған.
Ол Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі, «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері». 2011 жылы «Қазақстан» телеарнасы ұйымдастырған Тәуелсіздіктің 20 жылды- ғына арналған электронды дауыс беру арқылы анықталған жыр мүшәй- расының жеңімпазы, 2014 жылы 7 мартта Астанада өткен «Мәңгілік Ел» мүшәйрасының арнаулы сыйлығының жүлдегері.
Бұл жинақта қаламгер еліміздің Тәуелсіздік алған жылдарындағы көңіл күйін бейнелейтін шығармаларымен қоса, қария көңіл көкжиегімен қарағандағы Уақыт, Тіршілік, Жаратушы, Ел-жұрт сияқты мәңгілік құбылыстар мен жаратылыстарға арналған ой-толғаулары және нәзік лирикалық өлеңдері берілген. Сондай-ақ, жинақта бұрын-соңғы аты көп аталмаған Созақ көтерілісінің сардары «Салықбай батыр» туралы толғауы да тәуелсіздік дәуіріндегі жаңаша көзқараспен жырланған. Жинаққа «Құ- лагердің қазасы» атты дастаны да енгізіліп отыр. Кітап барлық оқырман қауымға арналған.

Шегебай Ә.Ақ жауын: Өлеңдер.Әлібек Шегебай. - Алматы: «Жазушы» баспасы, 2018,- 160 бет.
ISBN 978-601-200-624-7
Қазақстан Жастар одағы сыйлығының және Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері, ақын Әлібек Шегебайдың бұл жыр жинағына әр жыл- дары жазылған өлеңдері топтастырылған.
Кітапқа енген жырлардың айтар ойы астарлы, түйер тұжырымы терең, қозғайтын мұң-шері өзекті де жан-жақты. Өлеңдерде замана тынысы да байқалады, қоғам мен адам болмысындағы қырық құбылған мінездер де көрінеді, шындық үшін шырылдаған ақын жүрегінің жанайқайы естіледі. Әлібек Шегебай жырларының оқырман қауымға бұрыннан ұнайтын ерек- шеліктері - туған жерге, бала дәуренге, ізгілік әлеміне деген ынтық аңсар, сырлы лирика, сағыныш саздары да қатар өріледі.
Кітап жалпы әдебиетсүйер қауымға арналған.

Ахмедов Ғ.Жем бойында: Тарихи роман. Ғалым Ахмедов. - Алматы: «Жазушы» баспасы, 2018. - 328 бет.
ISBN 978-601-200-622-3
Белгілі жазушы, аудармашы Ғалым Ахмедовтің бұл романына XIX ғасырдың орта тұсында еліміздің батыс өңірінде өріс алған тарихи оқиғалар негіз болған. Шығарманың басты кейіпкері - бүкіл өмірін қазақ халқының тәуелсіздігі мен азаттығы жолындағы күреске арнаған атақты батыр Есет Көтібарұлы. Нақты деректерге құрылған роман оқиғаларының шынайылығымен де оқырманды тағылымды ойға бастайды.

Бердібай Р. Он томдық шығармалар жинағы, 3 том: Кәусар бұлақ. / Рахманқұл Бердібай. Құрастырған Д.Ысқакұлы. - Алматы: РПБК «Дәуір», 2018.
ISBN 978-601-217-582-0
3-том: Кәусар бұлақ. - 448 б.
Рахманқұл Бердібайдың он томдық шығармалар жинағының үшінші томында түркі тілдес халықтардың ауыз әдебиеті кеңінен қарастырылып, салыстырылып, олардың бір- бірімен байланыстары, өзінен кейінгі әдеби дамуға игі ықпал жасап келе жатқандығы жайлы маңызды қорытындылар жасалынады.
Кітап көпшілік оқырманға арналған.

Бердібай Р. Он томдық шығармалар жинағы, 2 том: Гүлстанның бұлбұлдары.Жұлдыздар жарығы./Рахманқұл Бердібай.Құрастырған Д.Ысқақұлы. - Алматы: РПБК «Дәуір», 2018.
ISBN 978-601-217-582-0
2-том: Гүлстанның бұлбұлдары. Жұлдыздар жарығы. - 480 б.
Бұл томда түркі әлемінің Жүсіп Баласағұн, Ахмет Иасауи, Низами, т.б. түркі әлемі даналарынан бастап, басқа да Шығыс ақындарының, сондай-ақ туысқан елдер әдебиеттерінен түрік Юнус Емре, ұйғыр Біләл Назымдай алыптарын зерттеу, тәржімалау жұмысын жолға қою мәселелері, қазақтың Бұқар жыраудан бергі ұлы жыршы-жырауларынан бастап, Жамбыл Жабаев, Асқар Тоқмағамбетов сияқты әдебиет өкілдерінің шығармаларына жан-жақты, егжей-тегжейлі талдау жасалады. Кітап көпшілік оқырманға арналған.

Бердібай Р.Он томдық шығармалар жинағы, 6 том: Тарихи роман / Рахманқұл Бердібай. Құрастырған Д.Ысқақұлы. - Алматы: РПБК «Дәуір», 2018.
ISBN 978-601-217-582-0 6-том: Тарихи роман. - 432 б.
Бұл том қазақ тарихи романдарының теориялық, жанрлық сипаттарын, жеткен жетістіктерін саралауға, даму бағытын анықтауға арналған. Қазақ әдебиетін биік белеске көтерген М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясынан бастап, осы жанрда қалам тартқан бірсыпыра қазақ қаламгерлерінің романдары талданылады, байыпты талдау жасалады. Кітап жалпы оқырман қауымға арналған.


Послание Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана

Музей литературы и искусства имени Бухар жырау

Антиплагиатная система Strikeplagiarism.com