меню

 Бердібай Р.Он томдық шығармалар жинағы, 5 том: Роман және заман. / Рахманкұл Бердібай. Құрастырған Д.Ысқақұлы. - Алматы: РПБК «Дәуір», 2018.

ISBN  978-601-217-582-0

5-том: Роман және заман. - 288 б.

Кітапта қазақ романдарыньң теориялық мәселелері, жанрлық өзгешеліктері, тың жетістіктері сөз етіледі. Автордың роман жанры туралы нақтылы байқаулары, ойлары мен қорытындылары оқырманды қызықтыра жетелеп отырады. Қазақ әдебиетін биік идеялық- көркемдік белеске көтерген ұлы шығарма - М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясына байыпты талдау жасалады.

Кітап әдебиеттану ғылымымен айналысатын ғалымдарға, ізденушілерге, студенттерге, жалпы оқырман қауымға арналған.

Айымбетов М. Таңдамалы шығармаларының жинағы: 5 томдық. / Мәди Айымбетов. - Алматы: РПБК «Дәуір», 2018.

 ISBN  978-601-217-564-6      5-том: Публицистикалық және орысшаға аударылған таңдамалы шығармалары - 592 б.

Көркем шығармашылық жұмыспен қатар жазушы публицистика, әдеби сын жанрына да үнемі қалам тербеп келеді. Оның көркем очерк, эссе, әдеби портреттер және тағы басқа сипаттағы жазбаларының тақырыбы әдебиет, өнер, тіл мен діл, қоғам өмірінің бүгінгі таңдағы тағы да басқа көптеген өзекті мәселелерін қамтиды. Бұл томға жазушының эссе, очерк, сұхбат жанрындағы публицистикалық ой-толғамдарымен қатар әр жылдары орысшаға аударылып, әрқайсысы жеке кітапқа енген таңдамалы повестері мен хикаяттары мен «Чудесный мир детства» атты өмірбаяндық шығармасы жинақталған.

Айымбетов М.Таңдамалы шығармаларының жинағы: 5 томдық. / Мәди Айымбетов. - Алматы: РПБК «Дәуір», 2018.

ISBN 978-601-217-564—6  4-том: Хикаяттар мен әңгімелер - 512 б.

Төртінші томның негізгі мазмұнына 1980-1985 жылдар аралығында жазылып, жарық  көрген балалар мен жасөспірімдер өмірінен жазылған «Бар болғаны он төрт жас», «Нәзік жаңғырық», «Ғашық болу бақыты», «Күнекей», «Көлге шомылған Ай» және тағы басқа хикаяттар топтастырылған. Қаламгер жас кейіпкерлерінің характерлерін өте аңғарымды тұрғыдан аша отырып, олардың адами болмысының қалыптасу ерекшеліктерін өміршең тартымды оқиғалар арқылы көркем әрі шебер өрнектейді. Адам жасының қай кезіне де тән жан-дүниелік толқыныстардың жасөспірім баланың бойына қалайша дарып, қалайша өрбитінін автор иланымды да нақты өрбітеді. Бұл шығармалардың барлығы да жазушының қазақ балалар әдебиетінің бейнесін анықтауға қосылған айтарлықтай рухани зор үлесі.

Айымбетов М.Таңдамалы шығармаларының жинағы: 5 томдық. / Мәди Айымбетов. - Алматы: РПБК «Дәуір», 2018.

ISBN 978-601-217-564—6    3-том: Роман және хикаяттар.-416 б.

Қаламгердің 1980 жылдардың соңы мен 1990 жылдардың бірінші жартысында жазылған прозалық туындылары «Дүние-керуен» романы мен «Шырақшы Қалжігіт» хикаяты қырқыншы-елуінші жылдардағы ауыл адамдарының тағдыры, олардың жақсылық, ізгілік мұраттар жолындағы әрекеті, озбырлықпен күресі туралы тақырыпты қозғайды. Жазушының образ сомдаудағы шеберлігі кейіпкерлерінің болмысын шынайы да шұрайлы тілмен аша білуінен айқын көрініс тапқан. Бұл томнан сондай-ақ жазушының бірнеше әңгіме-фрескалардан тұратын «Ең таңғажайып әлем» автобиографиялық хикаятын да оқуға болады.

Сүлейменов А.Екі томдық шығармалар жинағы. I том. Повестер мен әңгімелер. Ой-толғамдар/ А.Сүлейменов - Алматы, «Айғаным» баспа үйі, 2018- 418 бет

ISBN  978-601-03-0536-6

Көрнекті жазушы-драматург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Асқар Сүлейменовтің (1938 - 1992) бұл жинағына прозалық шығармалары - ел тәуелсіздігі үшін толассыз күрестің шешуші бір кезеңі 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің көркем фәлсәфасы, өзгеше бір зерделемесі «Бесатар», Біржан сал ғұмырының  кей тұстары  негізінде өнер адамының асқаралы парызы, өнер мұраты, елдік мұрат  туралы ой қозғап, Ұлттық идеяға шығатын «Адасқақ», замандастар өмірінен жазылған «Ситуация» повестері мен «Ақ кемпір», «Қара шал» әңгімелері берілген.

Том соңында суреткер прозасын, ондағы философияны талдайтын материал мен мақала бар. А.Сүлейменовтің терең ойлы, аса көркем, «ұлттық тілдің өткені мен бүгінін жалғастырушы алтын көпір», шешен тілді шығармалары қалың оқырманның игілігіне қызмет ете беретіні анық.

А. БАҚТЫГЕРЕЕВА.ӨЛЕҢ ДЕГЕН ҚҰДІРЕТ. Екітомдық таңдамалы шығармалары. II том/ Бақтыгереева А. - Алматы: «Айғаным» баспа үйі, 2018-380 бет.

ISBN 978-601-03-0542-7

Қазақтың белгілі ақыны Ақұштап Бақтыгерееваның бұл жинағына таңдамалы өлең-жырлары, балладалары, шетелдік ақындардың туындыларынан аудармалары, өзінің өмірден түйген ой - толғамдары еніп отыр.

Қазақ поэзиясында өзіндік орны, қолтаңбасы бар қаламгер әрқашан осы замандағы қоғамды, адамды толғандырып отырған әлеуметтік құбылыстарды өз туындыларына арқау етіп, елдік мақсат-мүдде тұрғысын жырлайды. Кітапқа сонымен қатар ақынның қаламдас аға - інілерінің бір топ арнаулары да еніп отыр.

БАҚТЫГЕРЕЕВА Ақұштап. АНА ӘЛДИІ. Екітомдық таңдамалы шығармалары. I том/ Бақтыгереева А. - Алматы: «Айғаным» баспасы, 2018 - 380 бет. 2018

ISBN 978-601-03-0506-9       

Белгілі ақын Ақұштап Бақтыгерееваның «Ана әлдиі» атты жинағына автордың нәзік сыршыл сезімдерге, ой- орамдарға толы әйел, ана, қыз тағдыры жайлы өлең- жырлары еніп отыр.

Автор қоғам, ел өміріндегі әйелдердің орны, қуаныш- мұңы, күйініш-сүйініші жайлы тебірене жырлайды.

Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы.

Құрастырушылар: Б. Ахмер, М. Абламбаева. «Ата-анаға көз қуаныш». Алматы./«Қаламгер» баспасы, 2018. - 30 бет.

ISBN 978-601-03-0533-5

Бұл жинаққа ұлы ақын Абай Құнанбайұлының мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп шәкірттерінің қабылдауына лайықты өлеңдері іріктеліп алынды. Оқу мен білім, өнер мен еңбек және туған жердің табиғаты туралы жауһар жырлардың жас ұрпаққа берер терең тәрбиелік өнегесі мол.

Еңбек балаларға, ата-аналар мен ұстаздарға, барша әдебиетсүйер қауымға арналған.

Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы.

Құрастырушылар: Б. Ахмер, М. Абламбаева. «Ата-анаға көз қуаныш». Алматы./«Қаламгер» баспасы, 2018. - 30 бет.

ISBN 978-601-03-0533-5

Бұл жинаққа ұлы ақын Абай Құнанбайұлының мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп шәкірттерінің қабылдауына лайықты өлеңдері іріктеліп алынды. Оқу мен білім, өнер мен еңбек және туған жердің табиғаты туралы жауһар жырлардың жас ұрпаққа берер терең тәрбиелік өнегесі мол.

Еңбек балаларға, ата-аналар мен ұстаздарға, барша әдебиетсүйер қауымға арналған.

Ж. ЫБЫРАЕВ

БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ. Майдан жыры мен сыры. История одной книги. / Ыбыраев Жүніс. - Алматы: «КазАқпарат» баспасы, 2018 - 380 бет.

ISBN 978-601-03-0507-6

Белгілі журналист, жазушы Жүніс Ыбыраевтьң бұл жинағына қазақ халқыньң батыр ұлы, Ұлы Отан соғысында өшпес ерлік көрсеткен қолбасы Бауыржан Момышұлы жайлы деректі әңімелері еніп отыр. Автор архивтік материалдарды ақтарып көп ізденіп, салмақты еңбек жасаған. Бұл кітаптың, ескелең жас ұрпақтың батыр Бауыржан бейнесін тани-білуіне, отансүйпштік сезімін  қалыптастыруға септігін тигізері даусыз.

В документальной повести журналиста Жунуса Ибраева «Бауыржан Момышулы. История одной книги» впервые систематизированы хранящиеся в Центральным госархиве республики фронтовые дневники, письма и выступления Б.Момышулы, которые отражают его непосредственное участие в создании известной теперь во всём мире книги о боях за Москву - повести Александра Бека «Волоколамское шоссе».

Nazarbaev 2017

ПЕРВЫЙ ПРЕЗИДЕНТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН - ЕЛБАСЫ

ПОСЛАНИЕ


ПРЕЗИДЕНТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

Послание Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана


блог333 1

Генеральный директор
РГП «Ғылым ордасы»
Тультаев Бауржан Тультаевич

gylymorda embl

 


Музей литературы и искусства имени Бухар жырау


logo

logo

Антиплагиатная система Strikeplagiarism.com

 

 

NEW1

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ!

VKontakte.svg    icone twitter  instagram


QR glavnaya


 ПОЛНОТЕКСТОВЫЕ ЭЛЕКТРОННЫЕ РЕСУРСЫ

ЦЕНТРАЛЬНОЙ НАУЧНОЙ БИБЛИОТЕКИ


 ЭЛЕКТРОННЫЙ КАТАЛОГ

ЦЕНТРАЛЬНОЙ НАУЧНОЙ БИБЛИОТЕКИ

5 ElektronnaiaBiblioteka


  ЭЛЕКТРОННЫЕ НАУЧНЫЕ

РЕСУРСЫ ПО ПРИОРИТЕТНЫМ

НАПРАВЛЕНИЯМ РАЗВИТИЯ

НАУКИ В КАЗАХСТАНЕ


  ЭЛЕКТРОННЫЕ НАУЧНЫЕ

РЕСУРСЫ ОТКРЫТОГО ДОСТУПА


 


 


  


БАННЕРЫ


ЭЛЕКТРОННАЯ ДОСТАВКА ДОКУМЕНТОВ


 

ВИРТУАЛЬНАЯ СПРАВОЧНАЯ СЛУЖБА