Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды «Абай жылы» деп жариялағаннан кейін еліміздің әр облысы мен қалаларында мерекелік іс-шаралар өтуде. Абай тұлғасы мен мұрасын ұлықтау – халқымыздың руханиятын әлемге танытатын теңдесі жоқ құндылық. Ғұлама, ойшыл, ағартушы, ұлттық жаңа әдебиеттің негізін қалаушы, аудармашы, композитор Абай ел тарихында үлкен із қалдырған ерекше тұлға. Абай поэзиясы арқылы қазақтың бар өмірін, тұрмысын өзі өмір сүрген кезеңменшынайы суреттеген ақын, ұлы кемеңгер. Оның шығармаларында қазақ халқының тұтас бір дәуірінің, ақыл-ой парасатының шынайы көріністері бейнеленген. Ақынның дара тұлғасы, дүниетанымы, философиялық көзқарастары бүгінгі ұрпақ үшін өнегелі жалғасын тапқан сабақтастық.
Әлемдік деңгейде тойланатын Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай Орталық ғылыми кітапхана РМК «Ғылым ордасы» қазақ халқының ұлы кемеңгері, қазақ әдебиетінің классигі, қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевқа арналған кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге ақынның өмірі, өмір сүрген ортасы, ақындық тұлғасы, суреткерлік шеберлігі туралы жазылған еңбектер қойылды.М. Әуезовтің «Абай жолы» романының әр жылдардағы, бірнеше тілдегі басылымдарын, Абайдың өмірін, сөз өнерін зерттеуші ғалымдардың еңбектерін, ақынның әр жылдары жарық көрген өлеңдері мен қара сөздерін және музыкалық мұрасы туралы да көрмеден көре аласыздар.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы