Геология-минералогия ғылымдарының докторы, Қаз.ССР Ғылым академиясының Президенті,
академик ШАХМАРДАН ЕСЕНОВТЫҢ туғанына 90 жыл
Қоғам және мемлекет қайраткері, геология-минералогия ғылымдарының докторы, Қаз.ССР Ғылым академиясының Президенті, Қаныш Сәтбаевтың ғылыми жолын жалғастырушы академик Шахмардан Есеновтың туғанына 90 жыл толып отыр. Осы айтулы іс-шараға арнап Орталық ғылыми кітапхана геолог-ғалымның еңбектерінен кітап көрмесін ұйымдастырды.
Шахмардан Есенов Қазақстан ғылымын көтеруге, ғылымның қара шаңырағы Ғылым академиясының өсіп-дамуына көп еңбек сіңірді, барлық күш жігерін жұмсады. Ғылым мен өндірісті тығыз байланыста ұйымдастырудағы қажырлы еңбегі мен белсенді қоғам қайраткерлігі оны республика дәрежесіндегі тұлға ретінде қалыптастырады.
Республикада жүргізілген көптеген геологиялық іздеу және барлау жұмыстарына жалпы басшылық етті. Соның ішінде Маңғыстаудың оңтүстігінде ашылған аса ірі мұнайлы-газды аумақ Жетібай мен Өзен мұнай орындары, олардың қысқа мерзімде барланып, іске қосылуы ғалымның аса дарындылығын көрсетті. Өз мамандығын жете меңгерген кәсіби геолог, зерделі ғалым Жезқазғанда, ұлы Ұлытау төсінде ашылған үлкен кен орнында жеті қабат жер астынан кен байлықтарын іздеуде, жерқойнауын зерттеудежұмысты шебер ұйымдастыра білетін нағыз басшы ретінде көпке танылды. Қазақстанның геология ғылымын, оның маңызды саласының бірі металлогенияны дамытуға үлкен үлес қосты, ел игілігіне айналдырды.
Академияда президент болып тұрғанда ұлттық мәдениетімізді зерттеуге, әдебиетімізде ұмыт болған, тыйым салынған эпостар мен дастандарды қайта өмірге әкелуге зор ықпал жасады. Өз ісіне барынша адал ғалым Лениндік және Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының иегері болды, Ленин орденімен екі рет марапатталды. Осылардың барлығы оған Қазақстандағы ең жауапты қызметтердің тапсырылуының және оны аса жауапкершілікпен жоғары деңгейде атқарғанының айғағы десе де болады.
Esenov00
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы