2020 жылдың 6-наурызы күні Достық үйінде «Конституция мен Қазақстан халқы Ассамблеясы – тұрақтылықтың, жаңғыру мен бірліктің негізі» атты дөңгелек стол өтті.
Отырыста 1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясы мен осы жылы құрылған Қазақстан халықтары Ассамблеясының ел бірлігін сақтау, этносаралық келісім, ұлттық татулық, Қазақстандағы саяси экономикалық жағдай және тұрақтылықты қамтамасыз етудегі рөлі туралы мәселелер қаралды.
Дөңгелек стол жұмысына Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің Төрағасы Қайрат Мәми, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев, Конституциялық кеңес мүшелері, институт директорлары, Жоғары оқу орнының ғалымдары және ұлт өкілдері қатысты.
«Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы аталған тақырыпқа байланысты кітап көрмесін ұйымдастырды. Кітап көрмесіне заңгерлер С.Сартаевтың «Становление Конституции Республики Казахстан», С.З Зимановтың «Парламент Казахстана в трудные годы провозглашения независимости», Қ.А.Мәмидің «Республика Казахстан: хроника утверждения конституционализма» атты еңбектері және Қазақстанның экономикалық дамуына, ғылымына, біліміне зор еңбек сіңіріп келе жатқан ұлт өкілдерінің еңбектері мен олар туралы материалдар қойылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы