«Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасында тілтанушы, филология ғылымдарының докторы Әсет Болғанбаевтың туғанына – 90 жыл толуына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Ғалымның ғылыми еңбектерінің негізгі бағыты қазақ тілілексикологиясыменлексикографиясынзерттеуге арналған. «Қазақ тіліндегі синонимдер»зерттеуі лексикологиядағы іргелі ғылыми еңбек. Ә. Болғанбаев бұл монографиясында барлық сөз табына қатысты синонимдерді талдау арқылықазақ тілінетән дара заңдылықтарды зерттеді. Синонимдік қатардың, ең алдыменетістікте, сонан соңзат есімменсын есімдекөп кездесетінін көрсетті. «Қазақ тілі лексикологиясы» деген еңбегінде синхрондық зерттеу әдісін қолданып, лексикология қағидаларын тың тілдік деректермен толықтырды. Болғанбаев – «Абай тілі сөздігін», «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін» құрастырушылардың бірі.
Жалпы көрме барысы Ә. Болғанбаевтың өмір жолы, ғылыми еңбектері, мақалалары турасында болып, қонақтар назарына ұсынылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы