Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты көрнекті ғалым, Қазақстанның шетелдік тарихнамасын зерттеудің негізін қалаушы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Көшім Лекерұлы Есмағамбетовты еске алуға арналған «Қазақстан интеллигенциясы: тарихы мен қазіргі кезең» атты халықаралық ғылыми конференция өткізді.

"Ғылым ордасы" РМК Орталық ғылыми кітапхана атаулы іс-шараға арнап кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге К.Есмағамбетовтың өмірі мен қызметіне байланысты әдебиеттер және әр жылдары жарық көрген ғылыми еңбектері мен аудармалары қойылды.