ХХ ғасыр басындағы ірі саясаткер тұлға, қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі – Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген.

Жастайынан арабша хат таныған ол Семейдегі Мұғалімдер семинариясын бітіреді. Семинарияны бітірген соң 1919-1920 жылдары Семей Губерниялық атқару комитетінің бөлім меңгерушісі, «Кедей таңы» газетінің редакторы болып қызмет істейді. 1918-1919 жылдары Семей қаласында М. Әуезовпен бірлесіп «Абай» журналын шығарып, осы журналда «Екеу» деген бүркеншек атпен Абайдың өмірі мен қызметіне байланысты мақалалар жазады.

1922-1929 жылдар аралығында Қарқаралыда қалалық мектепте, Орынборда халық ағарту институтында, Ташкент халық ағарту институтында және Орынбор әскери мектебінде сабақ берген. 1926-1929 жылдары Шымкент педагогикалық техникумында директор болған. Осы жылдардың ішінде газет-журнал редакцияларында қосымша жұмыстар атқарған ол 1929 жылы Қызылорда қаласында «Еңбекші қазақ» газетінде де қызмет істейді. 1929 жылғы кеңестік қуғын-сүргін кезінде «Революцияға қарсы жасырын ұйымның мүшесі» деген айып тағылып тұтқынға алынған.

Жүсіпбек аз ғана ғұмырында әдебиеттің әр түрлі жанрында өнімді еңбек етіп, құнарлы шығармалар қалдырған.Ж.Аймауытұлы ұлттық сөз өнерінің әр алуан саласында ерен еңбек етті. Ол поэзия, проза, драматургия жанрларының, публицистика, сын, аударма салаларының қалыптасып, дамуына үлес қосқан қаламгер. Оның қаламынан туған «Қартқожа», «Ақбілек», «Күнікейдің жазығы» атты прозалық туындылары мен «Шернияз», «Рәбиға», «Мансапқорлар», «Қанапия – Шәрбану», «Ел қорғаны», «Сылаң қыз» пьесаларының ұлттық әдебиеттен алар орны ерекше. Джек Лондон, Ги Де Мопасан, Рабиндранат Тагор, А.Дюма, К.Беркович, А.С. Пушкин, С.Чуйков, М.Горький тәрізді ақын-жазушылардың шығармаларын қазақ тілінде сөйлетіп, көркем аудармаға да үлес қосқан.

М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты 2019 жылдың 22 сәуірінде ақын, жазушы, драматург, аудармашы, сыншы, көсемсөзші Жүсіпбек Аймауытұлының 130 жылдығына арналған «Ұлы дала руханияты» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Конференция жұмысына арнап РМК «Ғылым ордасы» Орталық ғылыми кітапханасы Жүсіпбек Аймауытұлының еңбектері және өмірі мен шығармашылық қызметі туралы жазылған зерттеулерден кітап көрмесін ұйымдастырды. Жазушының 1926 жылы Қызылорда қаласында жарық көрген «Психология«, 1930 жылы шыққан «Жаңа ауыл» атты еңбектері, ХХ ғасыр басындағы қазақ елінің жай-күйі, тұрмысы туралы жазылған «Қартқожа» романы, сол заманның қазақ қызының өміріне, тағдырына әсері туралы баяндайтын «Ақбілек» романын және әр жылдары жарық көрген көп томдық шығармалар жинағымен кітап көрмесінен  таныса аласыздар. Жазушының мақалалары басылып кеңес дәуірінде жарық көрген газет-журналдарды да кітап көрмесінен көруге болады.

      

 Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы


блог333 1

“Ғылым ордасы” РМК
бас директоры
Төлтаев Бауржан Төлтайұлы

gylymorda embl 


 Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo

 

 

Жаңалықтар

  • Әбу Насыр әл-Фараби 1150 жыл

         Орталық ғылыми кітапхананың сирек қорында сақталған әл-Фарабидің құнды мұралары.    

    Read More
  • Абай Құнанбаев - 175 жыл

      Виртуалды тақырыптық көрме (ВИДЕО)  

    Read More
  • Ел тарихындағы елеулі оқиғалар

    Ел тарихындағы елеулі оқиғалар        

    Read More
  • 1