2020 жылдың 10 қыркүйегінде "Достық үйі" дөңгелек конференц-залында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Мәдениет және спорт министрлігі ЮНЕСКО қамқорлығындағы Мәдениеттерді жақындастыру орталығымен Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты "Сөз археологиясы: тілдер, жазба ескерткіштер және тарих" атты l Халықаралық Алматы конференциясын өткізді. Конференция жұмысында тілдердің пайда болу тарихы, сөз коды, тіл және ойлау тақырыптарында баяндамалар жасалды. Ежелгі жазу, таңбалық жүйелер, ертедегі діни артефактілердегі символдар, ортағасырлық жазба ескерткіштер және қазіргі этимологиялық зерттеулер талқыланды.
Конференцияны ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығының директоры Сүлейменов Олжас Омарұлы ашты. Конференция жұмысы шетелдік және басқа қалалардан келген ғалымдар үшін онлайн форматта өтті.
РМК "Ғылым ордасы" Орталық ғылыми кітапхана қорынан аталған тақырыпқа байланысты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы