2017 жылы 27 қазанда «Ғылым ордасы» РМК филология ғылымдарының докторы, профессор Бағдан Қатайқызы Момынованың туғанына 60 жыл толуына арналған «Қазіргі қазақ тіл білімінің инновациялық әлеуеті» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.
Бағдан Қатайқызы Момынова Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Топтерекауылында туылған. Филология ғылымдарының докторы, профессор. 1979 жылы Қаз МҰУ-дың филология факультетін бітірген.1989-1992 ж. аталған университеттің аспирантурасында оқып,X. Кәрімовтың жетекшілігімен "Қазақ" газетіндегі қоғамдық-саяси лексика" деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. 1999 ж. ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор С.М.Исаевтың кеңесшілігімен «Қазақ газеттерінің лексикасы: жүйесі мен құрылымы» атты докторлық диссертация қорғаған. Көптеген монографиялар мен оқу құралдарының авторы.
Аталған іс-шараға арнап «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы қорынан кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге ғалымның монографиялары, ғылыми еңбектері және ғалым туралы жазылған материялдар қойылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы