Биыл Түркі әлеміне кеңінен танымал дінтанушы-ғалым Халифа Алтай Ғақыпұлының туғанына 100 жыл толады.

Халифа Алтай Республика Президенті Н. Назарбаевтың шақыруымен Қазақстанға көшіп келген күннен бастап, өз ісі арқылы Түркия және Европа қазақтарына үлгі болып, еліміздің көші-қон саясатының алға басуына зор ықпалын тигізді.

Елімізде өткен Дүниежүзі қазақтарының V Құрылтайы аясында Дүниежүзі қазақтары Қауымдастығы дінтанушы ғалымның мерейтойына арнап «Халифа Алтай және қайта оралған тарих» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді.

Конференцияда еліміздің ғалымдары ғылыми баяндамалар жасап, Халифа Алтай туралы естеліктер айтылды.

Осы ғылыми-практикалық конференцияға арнап «Ғылым ордасы» Орталық ғылыми кітапханасы ғалымның еңбектері мен аудармаларынан және дінтанушы ғалым туралы жазылған зерттеулерден кітап көрмесін ұйымдастырды.

Көрмеге ғалымның «Алтайдан ауған ел», «Естеліктерім», «Атажұрттан Анадолыға дейін» атты қазақ көшінің қиындығы мен азаптары туралы баяндайтын әр жылдары қазақ, түрік тілдерінде жарық көрген кітаптары, Хұтпалары, хадистері мен құран әліппесі туралы жазылған кітаптары және Құран Кәрімнің арабша транскрипциясы мен қазақша мағынасы, таңдаулы хадистерінің аудармасы және т. б.көптеген еңбектері қойылды.

Осы іс-шара кезінде Халифа Алтайдың биобиблиографиялық көрсеткішінің тұсау кесері өткізіліп, келген қонақтарға сыйға таратылды.

Сонымен қатар, дін және қоғам қайраткері туралы жазылған көптеген естеліктер мен журнал материалдары, цитаталар, суреттері қойылды.

 Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы


блог333 1

“Ғылым ордасы” РМК
бас директоры
Төлтаев Бауржан Төлтайұлы

gylymorda embl 


 Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo