«Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, жазушы Уалихан Қалижанның 70 жасқа толуына орай кітап көрмесін ұйымдастырды.

Уалихан Қалижанұлы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Бесмойнақ ауылының тумасы. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Ол еңбек жолын журналистика салаcынан бастап, қатардағы тілшіден бас редакторлыққа дейін өсіп, білгір маман деңгейіне жетті. «Жетісу», «Ұлан», «Жас Алаш» (Лениншіл жас), «Егемен Қазақтан» газеттерінде ұзақ жылдар қызмет атқарды. Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының баспасөз хатшысы және Парламент мәжілісінің депутаты қызметінде болды. Қазіргі таңда М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры.

У.Қалижанов әр жылдары түрлі қызметтерді атқара жүріп, ғылым жолына да бет бұрған зерделі ғалым. Ғалымның қаламынан күні бүгінге дейін көптеген ғылыми еңбектер жарық көрді. Солардың қатарында «Көңіл көкжиегі», «Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағым», «Ойкөз», «Жамбыл», «Ұлт рухы», «Замана сөзі» «Мәшһүр Жүсіп», «Жәдитшіл жырлар: Тарихи зерттеулер» сынды кітаптары – ерекше атауға лайық зерттеулер. Сонымен қатар «Ел мен Ер», «Президент» атты кітаптары қаламгердің атамекен тарихы, ел тағдыры, бүгіні мен болашағы жайлы ой-толғамдарын қамтитын, жазушылық қырын танытатын еңбектер.

Көрмеден Уалихан Қалижанның журналистік, жазушылық, ғалымдық, қайраткерлік еңбек жолы туралы жазылған әдебиеттер, монографиялары мен ғылыми мақалалары және оның редакциясымен шыққан әдебиеттерді көре аласыздар.

 Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы


блог333 1

“Ғылым ордасы” РМК
бас директоры
Төлтаев Бауржан Төлтайұлы

gylymorda embl 

banner


 Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo