
Қалиұлы С. Менің елім. Сұлтан Қалиұлы. - Алматы: "Массагет 21". 2019. - 200 бет.
ISBN 978-601-7899-08-0
Қазақ балалар әдебиетінің сарбаз-сардары, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, ақын Сұлтан Қалиұлының «Менің елім» атты бұл кітабына оның өлең-тақпақтары, жұмбақ-жаңылтпаштары, «Алдар мен шайтан», «Сауық» поэмалары мен т.б. шығармалары еніп отыр.
Қаламгер ұтымды да ұтқыр, ойнақы да ойлы өлең ұйқасының иірімдерімен бала жанын баурай түсіп, оларды отансүйгіштік, еңбекқорлық, батылдық пен батырлық, адалдық, адамдық жолына бастайды.
Кітаптың он жасар оқырманнан ұлағатты ұстазға дейінгі берер көмек-қорегі ұшан-теңіз.

Нұржеке-ұлы Бексұлтан. Қазақ тарихынан / Бексұлтан Нұржекеұлы - Алматы: «Жалын баспасы», - 2019 ж. - 672 бет.
ISBN 978-601-7835-19-4
Бұл жинаққа жазушының әр жылдарда қазақ халқының әрқыйлы тарихына қатысты жазған мақалалары мен зерттеулері жинақталды. Ол шығармаларда қазақ халқының рулық, тайпалық кезендері кезеңінен тартып, бүгінгі тәуелсіздік алған күндерімізді де қамтиды.
Шетелдік кейбір тарихшылардың айтып, жазып жүрген түйінділерін құптамай, сақ, құн, үйсін, қаңлы, түрік алтын орда мемлекеттерін түгелдей бүгінгі қазақ халқының арғы аталары, бабалары деген қорытындыға келеді. Ол пікіріне дәлел етіп, қытай Геродот тарыйхын және казақтың өз Ата-шежіресін салыстыра отырып, тұжырымдайды.
Кітап өз халқының тарыйхын білгісі келетін барша қауымға арналған.

Келімбетов Н. Түркі халықтарының ежелгі әдеби жәдігерліктері: Хрестоматия/ Құраст. Қ. Келімбетов. - Алматы: Раритет, 2019. - 904 б.
ISBN 978-601-250-308-1
ЮНЕСКО-ның Франц Кафка атындағы Халықаралық сыйлығының және Күлтегін атындағы сыйлықтың лауреаты, профессор Немат Келімбетовтің бұл кітабында түркі халықтарының әдебиет тарихында зерттеліп келе жатқан белгілі шығармалардың үзінді-үлгілері қамтылған. Хрестоматиялық еңбекте сақтар мен ғұндар діуірінен бастап XVI ғасырға дейінгі кезеңдерде пайда болған әдеби шығармалар хронологиялық ретімен берілген.
Зерттеушінің бұл еңбегі оқырмандардың түркі халықтары әдебиетінің тарихынан тұтастай мағлұмат алуына мүмкіндік береді. Кітап филология және түркология мамандықтары бойынша білім алушыларға және көпшілік оқырман қауымға арналған.

Фариза Оңғарсынова. (Естеліктер) / Құраст.Гүлсім Оразалықызы. -Алматы: "Қазақстан" баспа үйі", 2019. - 480 бет.
ISBN 978-9965-10-145-8
Бұл естелік кітап - Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Халық ақыны Фариза Оңғарсынова өміріне арналған.
Адам тіршілікте өз заманы, өз замандастары ортасында Өз тұлғасын сомдап жатады. Ақындығы арқылы өз жүрегін қалың оқырман жүрегіне жалғап өткен Фариза туралы сол замандастары, әріптестері, жолдас-жора, достары оның Адамдық тұлғасын: қайраткерлігін, қамқорлығын, қайсар мінезін, ешкімге ұқсамайтын дара жаратылысын есте сақтаған естеліктері арқылы бізге баяндайды.
Естеліктер жинағы бүгінгі оқырманға арналғанмен, негізгі мақсат - келешек ұрпақ үшін, Фариза ақынның қарапайым тіршілік ортасында қандай болғандығын, болмыс-бітімін, сан-қырлы мінезін, таным-талғамын жеткізу болды. Қазақ поэзиясының Падишасы атанған Фариза ақын туралы айтылған естелік-әңгімелер қаз-қалпында, еш әсерлеусіз жарияланды, құрастырушының мақсаты да осы болды.

Толғау. Төлеген Момбековтің туындылары / Құраст. Жанғали Жүзбай. - Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2019.-144 бет.
ISBN 978-601-338-300-2
Кітапта көрнекті күйші-композитор, Қаратау күйшілік мектебінің, озық өкілі Төлеген Момбековтің (1918-1997) өмірі мен шығармашылығына қатысты естеліктер, оның орындауындағы халық композиторларының күйлері, сондай-ақ күйшінің өз жанынан шыққан туындылары топ- тастырылған. Сонымен қатар Төлеген Момбековтің бұрын жарық көрмеген терме-жырлары да жарияланып отыр.
Жинақ домбыра пәнінен білім алушыларға, күйтанушыларға ұсынылады.

Артыкбаев, Ж.Абылай хан / Ж. Артыкбаев. — Нур-Султан : Фолиант, 2019. - 400 с.
ISBN 978-601-338-293-7
Абылай хан (1713 — 1781) — выдающийся хан казахов. Отпрыску одной из династий казахских чингизидов с малых лет судьбой было уготовано стать участником многих исторических событий XVIII века. Он был не только свидетелем взлетов и падений своей страны, но и руководителем и вдохновителем ее возрождения как государства. В книге рассказывается о жизненном пути Абылая, его учителях и наставниках, событиях внутренней жизни общества и о многочисленных войнах, которые в XVIII веке вели казахи.

Эхо войны: Повести/ Пер. А. Ахетова. - Алматы: Раритет, 2019. 560 с.
ISBN 978-601-250-309-8
В сборник включены переводы известного писателя Амантая Ахетова произведений казахских писателей о тяжелейших испытаниях и беспримерных подвигах на фронтах Великой Отечественной войны, отличающиеся высоким художественным уровнем и максимальной приближенностью к тональности оригиналов.

Дәуренбеков Жақау. Қолтаңба. (эсселер). - Алматы: «Ана тілі» баспасы ЖШС, 2019.-480 б.
ISBN 978-601-251-140-6
Белгілі қаламгер-журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Жақау Дәуренбековтың бұл кітабы көркем жазылған сан қырлы эсселерден тұрады. «Тұлғатану», «Ағалар мен інілер», «Уақыт және руханият» секілді тарауларға бөлінген эсселерде еліміздің белгілі тұлғалары, қоғам қайраткерлері мен замандас- қаламдастарының әдеби портреттері әсерлі жазылуымен баурап алады. Автордың бұрын жарық көрмеген бұл туындыларынан рухани жаңғырудың жарқын серпіні көрініс береді, оның жасампаз тұлғалары көркем кестеленеді.
Оқырман көңілінен шығарына сеніміміз мол.

Уәйдаұлы Үмбетбай. "Күлкі, күлкі..." (сықақ әңгімелер).
- Алматы: «Ана тілі» баспасы ЖШС, 2019, - 384 бет.
ISBN 978-601-251-139-0
Үмбетбай Уәйдаұлы - көрнекті жазушы-сатирик. Ол өз шығармала- рында қоғамда, күнделікті тіршілікте кездесетін келеңсіз көріністерді, адам мінез-құлқындағы кемшіліктерді сатираның уытты да өткір тілімен сынай отырып, оларға тосқауыл қоюға, болдырмауға үндеді, адамгершілік пен мораль мәселелерін алға тартты. Танымал сатириктің бұл кітабына артында қалған мол мұрасының ішінен бір топ сықақ әңгімелерімен қатар Қазақстандағы белгілі фельетоншы, сықақшылардың шығармашылықтарын талдаған, жалпы сатира жанрының даму барысы мен жай-күйін қарастырған сыни мақалалары да енгізілген.
Жинақ әдебиеттің маңызды жанрларының бірі болып табылатын әзіл- сықақты, сатираны сүйетін қауымға, қалың көпшілікке арналған.

Тойбай А.ДАЛАНЫҢ ДАНА АРУЛАРЫ. - Алматы: «Қазақэнциклопедиясы», 2019. - 320 + 32 түрлітүстіжапсырма бет.
ISBN 978-601-7967-08-6
Белгілі журналист Аршагүл Тойбайдың «Даланың дана арулары» атты жинағында бағзы заманнан бергі қилы кезеңде ерен ерліктерімен, өжет, қайсар мінездерімен, парасат-пайымымен, даналығымен халық жадында мәңгі сақталған қазақтың батыр қыздарының, қадірменді аналардың бейнесі сомдалған. «Ел бастаған ер ханымдар», «Аңызға айналған ақжаулықтылар», «Халқын қорғаған қаһарман бикештер», «Абызаналар», «Алашты аузына қаратқан арулар», «Ағартушы арулар», «Қуғын-сүргін құрбаны болған асыл жарлар», «Талантымен танылған тұлғалар» деген тарауларға бөлініп жазылған кітаптың қалың оқырманға берертанымдық, тәрбиелік мәні зор.


Послание Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана

Музей литературы и искусства имени Бухар жырау

Антиплагиатная система Strikeplagiarism.com