2018 ж. 18 мамырда Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Экономика институты, "Тұран" университеті, Нарxоз университеті, ҚР ЖОО қауымдастығы, "Тұран-Астана" университетінің ұйымдастыруымен "Ғылым ордасы" РМК экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Әшімбаев Түймебай Әшімбайұлының 100 жылдығына арналған "Қазақстанның экономика ғылымы: ізденістер мен шешімдер" аттыxалықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Ғылым ордасы" РМК Орталық ғылыми кітапханасы атаулы іс-шараға арнап кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге Түймебай Әшімбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтерді, оның мерзімді басылым беттерінде жарияланған ғылыми еңбектері мен мақалаларын және оның редакциясымен шыққан әдебиеттер қойылды.