Menu

Құрметті оқырмандар! Орталық ғылыми кітапхана демалыс және мереке күндерінен басқа, аптасына бес күн (дүйсенбі- жұма) сағат 09-00-ден 18-30-ға дейін және сенбі күні сағат 10-00-ден 17-00ге дейін оқырмандарды қабылдайды.Әр айдың соңғы бейсенбі күні тазалық күні. Кітапхана оқырмандарға қызмет көрсетпейді.

Ахмет Байтұрсынұлы —көрнекті лингвист-ғалым, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының және қазақ журналистикасының негізін салушы, ұлттық әліпбиі мен емленің реформаторы, тұңғыш ұлттық әліппенің авторы, қазақ ғылымын ұйымдастырушы, қазақ филоллгиясының тұңғыш профессоры (1928), қазақтың тұңғыш білім министрі, ақын, философ, мәдениеттанушы, саясаткер, идеолог, педагог, XX ғасыр басындағы қазақ интеллегенциясын тәрбиелеген ағартушы ғалым, қазақ руханияты тарихындағы аса ірі тұлға, қоғам және мемлекет қайраткері, Ұлт ұстазы.
Ахмет Байтұрсынұлы 1913-1918 жж. қазақ тіліндегі алғашқы ұлттық басылым «Қазақ» газетін шығарды. 1917 жылы Қазақтың ұлттық-территориялық мемлекеттілігі—Алаш-Орда автономиясын құрушылардың бірі және Алаш-Орда үкіметі Оқу-ағарту комиссиясының төрағасы, 1920 жылы тамызда құрылған Қазақ АКСР-і үкіметінің мүшесі, 1920-21 жж. Қазақ АКСР-і Халық ағарту комиссары (қазіргі білім және ғылым министрі), 1922 ж. Өлкелік Халық ағарту комиссариаты жанындағы Академиялық орталықтың (ҚР ҰҒА-ның алғашқы негізі),1922-25 жж. Халықағарту комиссариаты «Білім кеңесінің» төрағасы қызметтерін атқарды.
Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерінде қазақ тілтанымы ғылыми курсының ұлттық негізі қаланып, болашақ даму бағдары қалыптасты. Қазақ тілін көркейту мен қолданысын кеңейту, қазақтілді қауымның ғылыми санасын дамыту жолына ғұмырын арнады, ұлтқа қауіп төндірген саяси-әлеуметтік себептермен күресіп, ғасырлар бойы тұнық қалпында жеткен ұлт жады мен ұлтты өктем тілдердің экспансиясы мен отарлауынан қорғауға бар күш-жігерін жұмсады.
«Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеде А. Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына байланысты әдебиеттер, тіл танушы ғалымдар Қ. Жұбанұлы, Т. Шонанұлы, С. Кеңесбаев, М. Балақаев және т.б. ғалымдардың тіл тануға байланысты зерттеулері қойылды.

  

  Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

 

ҚР БҒМ ҒК "Ғылым ордасы" шжқ рмк бас директоры

Абубакирова Лейла Пернебайқызы

 


gylymorda embl 

banner


 
Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo

 

 

Жаңалықтар

  • Әбу Насыр әл-Фараби 1150 жыл

         Орталық ғылыми кітапхананың сирек қорында сақталған әл-Фарабидің құнды мұралары.  

    Read More
  • Абай Құнанбайұлы - 175 жыл

      Виртуалды тақырыптық көрме (ВИДЕО)  

    Read More
  • Ел тарихындағы елеулі оқиғалар

    Ел тарихындағы елеулі оқиғалар        

    Read More
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 16
  • 17
  • 18
  • 19
  • 20
  • 21
  • 22
  • 23
  • 24
  • 25
  • 26
  • 27
  • 28
  • 29
  • 30
  • 31
  • 32
  • 33
  • 34
  • 35
  • 36
  • 37
  • 38
  • 39
  • 40