5 қыркүйек Ұлт ұстазы, Алаш қайраткері, қазақ әліпбиінің және тіл білімінің негізін салушы ғалым, публицист, педагог Ахмет Байтұрсынұлының дүниеге келген күні. Айтулы күнге орай А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы «Қазақ ұлттық жазуы: емле, терминтану және ономастика» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізді. Конференцияда латын графикасы негізіндегі жаңа ұлттық әліпби жобасын жүзеге асыруда кездесетін негізгі мәселелер мен оны тиімді шешудің жолдары талқыланды.

    Іс-шара барысында «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапхана  тақырыптық көрме ұйымдастырды. Көрмеде А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына байланысты әдебиеттер және сирек кітаптар қорындағы А.Байтұрсынұлының "Әліпбиі", "Оқу құралы", "Тіл құралы", "Сауат ашқыш", араб және латын әрпінде жарық көрген еңбектері, сонымен қатар тіл танушы ғалымдар Қ.Жұбанұлы, Т.Шонанұлы, С.Кеңесбаев, М.Балақаев және т.б. ғалымдардың тіл тануға байланысты зерттеулері көпшілік назарына ұсынылды.

 

 

                                                          

                   

                                                    

                    

   

 Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы


блог333 1

“Ғылым ордасы” РМК
бас директоры
Төлтаев Бауржан Төлтайұлы

gylymorda embl 


 Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo