«Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасында Қазақстан Республикасы  Ұлттық инженерлік академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Оразалы  Сәбденнің 70 жасқа толуына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

            

     Оразалы Сәбден 1947 жылы 20 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Тасбұлақ ауылында дүниеге келген. Қазақ химия-технология институтын бітірген.

1970-1971 жылдары қорғасын зауытында слесарь

1971-1973 жж. «Қазмонтажавтоматика» тресінде инженер

1973-1990 жж. Қазақ КСР Ғылым Академиясында  ғылыми  қызметкер

1990-1994 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінде ғылым және білім саласына жетекшілік етті

1999-2001 жж. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты

2001-2003жж.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университетінің ректоры болған.

2006-2012 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігі экономика институтының директоры қызметін атқарды.

     Еңбектері негізінен Қазақстанның нарықтық экономикаға өту барысын саралауға  арналған.
     Қойылған кітап көрмесінен ғалымның монографиялары, ғылыми еңбектері және ғалым туралы жазылған материалдармен танысуға болады.