М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты 2017 жылы 17 қараша күні көрнекті ақын, сыншы, филология ғылымдарының кандидаты Сағынғали Сейітовтің туғанына –100 жыл толуына арналған дөңгелек стол өткізді.

С. Сейітов бірнеше монография, әдеби зерттеулердің авторы, өлең өлкесінде өзіндік үнімен танылған ақын. Майданда көрсеткен ерліктері үшін бірнеше орден, медальдармен марапатталған Ұлы Отан соғысының ардагері.

«Ғылым ордасы» Орталық ғылыми кітапханасы ғалымның әдеби және ғылыми шығармашылығына арнап кітап көрмесін өткізді. Көрмеден ғалымның ғылыми зерттеулері мен әр жылдары жарық көрген еңбектерімен танысуға болады.