ҚАЗ | РУС | ENG
   
Главная
О библиотеке
Новости
Выставки
Труды ученых Казахстана
 

Полнотекстовые электронные ресурсы Научной библиотеки

Электронный каталог

БД Elsevier
Баннер

Электронная доставка документов

Виртуальная Справочная Служба


 

 

 

 

 

конкурс сайтов

 

«Ұлы тұлғалар» cериясы

Ұлттың ұлы ұстазы: Ахмат Байтұрсыновқа арналған ғылыми-ғұмырнамалық жинақ. / Құраст. В.Қ. Күзембаева. - Алматы, 2001. - 305 б., сур.

Ахмет Байтұрсынов – қазақ публицисті, ақын, лингвист және қоғам қайраткері, ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының көрнекті өкілдерінің бірі. Ол қазақ жазуын араб графикасының негізінде реформалап, оны шетелде тұратын миллиондаған қазақтарға қолдануға мүмкіндік жасады, қазақ тіл білімінің негізін қалап, қазақ грамматикасын анықтау үшін ғылыми терминология қалыптастырды. Белгілі әдебиетші, педагог ХХ ғасырдың 30 жылдарындағы сталиндік репрессия құрбаны, 1938 жылы тұтқындалып атылған.

Жинаққа өмірі мен шығармашылығы, таңдаулы еңбектері, зерттеулер мен естеліктер және еңбектерінің хроноологиялық көрсеткіші енгізілген.

Дәуірдің жарық жұлдызы: Мұхамеджан Тынышбаевқа арналған ғылыми-ғұмырнамалық жинақ.  / Құраст. М.М. Бегманова; Орталық ғылыми кітапхана. - Алматы, 2001. - 236 б., сур.

Мұхамеджан Тынышбаев – қазақтың тұңғыш теміржолшы-инженері, , Санкт-Петербургтегі жол қатынасы инженерлер институтын бітірген, көрнекті қоғам қайраткері 1905-1907 жж. ресей революциясы кезінде, қазақ халқының атынан Мемлекеттік Думаға тұңғыш рет сайланған ұлт өкілдерінің бірі. 1917 ж. ақпан ревоюциясынан кейін құрылған Ресей империясы Уақытша үкіметінің Түркістандағы комитетінің мүшесі, Жетісу облысының комиссары, Қоқан Автономиясы үкіметінің алғашқы төрағасы. Түркісіб темір жолы құрылысының белсенді мүшесі. Cаяси репрессияның құрбаны болған М. Тынышбаев 30 жылдары Воронеж облысына жер аударылған, 1937 жылы тұтқындалып атылған

Жинақта М. Тынышбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер, таңдамалы еңбектерінен үзінділер, ол туралы ғалымдардың зерттеулері және оның еңбектерінің хронологиялық көрсеткіші ұсынылады.

Қайта оралған қаламгер: Жүсіпбек Аймауытұлына арналған ғылыми-ғұмырнамалық жинақ. / Құраст. В.Қ. Күзембаева; Орталық ғылыми кітапхана. - Алматы, 2003. - 279 б., сур.

Жүсіпбек Аймауытұлы – белгілі ақын, жазушы, драматург, аудармашы, әдебиеттанушы, қазақ әдебиеті сынының негізін қалаушы, педагог, «Алаш орда» партиясының мүшесі.

Жинаққа өмірі мен шығармашылығы жайында мәліметтер, таңдаулы еңбектері, зерттеулер мен естеліктер және еңбектерінің хронологиялық көрсеткіші енгізілген.

Елім деп соққан ұлы жүрек: Міржақып Дулатұлына арналған ғылыми-ғұмырнамалық жинақ. / Құраст. В.Қ. Күзембаева; Орталық ғылыми кітапхана. - Алматы, 2002. - 362 б., сур.

Міржақып Дулатұлы – көрнекті қоғам қайраткері, ағартушы, публицист. 1928 жылы тұтқынға алынып, 1930 жылы ату жазасына кесілді, істі қайта қарағаннан кейін 10 жыл абақтыға қамау жазасымен алмастырылды. 1935 жылы лагерьдің лазеретінде ауыр науқастан қайтыс болды. 1988 жылы ақталды.

Бұл жинақта М. Дулатұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтар берілген. Оның таңдамалы еңбектерінен үзінділер, ол туралы ғалымдардың зерттеулері және еңбектерінің хронологиялық көрсеткіші ұсынылады.

Ұлттық поэзия падишасы: Мағжан Жұмабаевқа араналған ғылыми-ғұмырнамалық жинақ. / Құраст. Ф.Қ. Бектұрбекова; Орталық ғылыми кітапхана. - Алматы, 2001. - 314 б., сур.

Мағжан Жұмабаев -  қазақтың көрнекті ақыны, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі,  1937 ж. өз халқының феодалдық-рыцарлық өткенін насихаттайтын «Алқа» әдеби үйірмесін ұйымдастырғаны үшін қуғынға ұшырап, ату жазасына кесілген.

Бұл жинаққа М. Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер, ол туралы ғалымдардың зерттеулері, оның таңдамалы еңбектерінен үзінділер және еңбектерінің хронологиялық көрсеткіші енгізілген.

Сахара сұңқары: Сәкен Сейфуллинге арналған ғылыми-ғұмырнамалық жинақ. / Құраст. Д. Ж. Омарбекова. - Алматы, 2004. - 406 б., сур.

Сәкен Сейфуллин – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ кеңес әдебетінің негізін қалаушылардың бірі. Қазақ жазушыларының ішінен тұңғыш рет «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталған, 1937 жылы Сталиндік репрессияның құрбаны болып дүниеден өткен.

Жинақта С. Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы жайында мәліметтермен қатар, ол туралы естеліктер мен зерттеулер, оның таңдамалы мақалалары және еңбектерінің хронологиялық көрсеткіші ұсынылды.

Дәуір ақыны: Сұлтанмахмұт Торайғыровқа арналған ғылыми-ғұмырнамалық жинақ. / Құраст. Ф.Қ. Бектұрбекова. - Алматы, 2002. - 255 б., сур.

Сұлтанмахмұт Торайғыров – ХХ ғасырдың бас кезінде өмір сүрген қазақтың ұлы демократ ақыны, қиын да қысқа ғұмыр кешсе де қазақ поэзиясының дамуына үлкен үлес қосқан, халқының өмірі мен тұрмыс көріністерін реалистік тұрғыдан терең суреттеген ақын, ол надандықты әшкерелеп, халқын білім алуға шақырды. Шығармашылығы мен күшінің кемелденген  27 жасында өкпе ауыруынан қайтыс болды.

Жинаққа ақынның өмірі мен шығармашылығы жайында мәліметтер, таңдаулы еңбектері, зерттеулер мен естеліктер және еңбегінің хронологиялық көрсеткіші енгізілген.

Сарыарқа саңлағы: Бейімбет Майлинге арналған ғылыми-ғұмырнамалық жинақ. // Құраст. филол. ғылымдарының канд., доц. С.С. Акашева. - Алматы, 2007. - 334 б., сур.

Бейімбет Майлин – қазақтың көрнекті классик ақыны,жазушы, публицист, драматург, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылыардың бірі. Кеңестік қоғам үшін қиын-қыстау 30-шы жылдары жазықсыз жазаланған. 1937 жылы тұтқындалып 1938 жылы атылған.

Ұсынылып отырған жинақ жазушының барлық еңбектері ескерілген және оның шығармашылығына қатысты барлық ақпарат көздері қамтылған ең толық басылым болып табылады. Кітап еркіндік рухына ұмтылған Б. Майлиннің тұлғасын түсінумен ұштасқан дәуірді қозғалыста көрсетуге бағытталған.

Кітапта Б. Майлиннің шығармашылық және қоғамдық қызметінің негізгі тұстары туралы, маңызды форумдарға, мәжілістерге және басқа шараларға қатысқаны туралы ақпарат берілген.

Тұғыры биік тұлға: Халел Досмухамедұлына арналған ғылыми-ғұмырнамалық жинақ. / Құраст. В.Қ. Күзембаева; Орталық ғылыми кітапхана. –Алматы, 2008.– 280 б., сур.

Халел Досмухамедұлы- Санкт-Петербургтегі әскери-медициналық академияны бітіріп, дәрігерлік және қоғамдық қызметтер атқарған, Қазақ педагогика институтының проректоры, «Алаш орда» өкіметі жетекшілерінің бірі. 1930 жылы тұтқындалып Воронежге  жер аударылды, 1938 жылы қайта тұтқынға алынып Алматыға алдырылды, ату жазасына кесілді. 1939 жылы 19 тамызда абақты ауруханасында өкпе ауруынан қайтыс болған.

ҚазССР НКВД (Ішкі істер халық комиссариаты) әскерлерінің әскери трибуналының үкімі 1958 жылдың 11-ші ақпанында жойылып, қылмыс құрамы болмағандықтан іс тоқтатылды.

Жинақта Х. Досмухамедұлының өмірі мен қызметі жайында мәліметтер, естеліктер,оның еңбектерінің хронологиялық көрсеткіші ұсынылады.

Фараби ғибратты ғалым:  Ақжан әль-Машаниге арналған ғылыми-ғұмырнамалық жинақ. / Құраст. Д. Ж. Омарбекова. - Алматы, 2006. - 397 б., сур.

Ақжан әль-Машани – белгілі ғалым, Қазақстандағы геомеханиканың негізін слушы, 300-ден астам ғылыми, әдеби еңбектердің авторы, Шығыстың ұлы ойшылы аль-Фарабидің ғылыми мұраларын зерттеуші.

Жинақта Машанидің өмірі мен қызметі жайында мәліметтермен қатар естеліктер, таңдаулы еңбектері және еңбектерінің хронологиялық көрсеткіші ұсынылады.

Ұлы даланың біртуар ұланы: Мандоки Қоңыр Иштванға арналған ғылыми-ғұмырнамалық жинақ. 1944-1992. / Құраст. Л.Д. Әбенова.–Алматы: ОҒК, 2008. – 386 б.,сур.

Будапешт университеті Орталық Азия кафедрасының жетекші ғылыми қызметкері Мандоки Қоңыр Иштван ХХ ғ. аяғындағы жетекші мажарстан тюркологтарының бірі.

1992 жылы Кавказда тұратын түркі халықтары арасында далалық зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында Дагестанның Махачкала қаласына барған соңғы сапарында 48 жасында дүниеден өтті. Өзінің қалауы бойынша Алматы қаласында жерленген.

Жинаққа оның еңбектері, қазақ және мажар халқының тарихи қалыптасу үдерісі туралы, бабақазақы (протоқазақ) және бабавенгр (протовенгр) аймақтарында этникалық дамуының мәні мен бағытының ерекшеліктері туралы, сондай-ақ екі халықтың байырғы тарихы мен тарихи тағдырының ұқсастығына байланысты зерттеулер, лингвистикалық, топономиялық, антропономиялық және антропологиялық сәйкестіктер туралы материалдар жинақталған.

Cөз өнерінің зергері: Машһүр Жүсіп Көпеевке арналған ғылыми-ғұмырнамалық жинақ. / Құраст.: Қосаева Н.Қ., Күзембаева В. - Алматы: Орталық ғылыми кітапхана, 2008.–314 б.

Машһүр Жүсіп Көпеев – белгілі ақын,публицист, этнограф, фольклортанушы, ағартушы. 1858 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы Қызылту ауылында дүниеге келген.

1931 жылы 73 жасында қайтыс болған, Баянауыл ауданынан 80 шақырым қашықтықта жерленген.

Араб және парсы тілдерін жетік меңгерген, табиғатынан ақындық дарыған, туған елінің мәдениеті мен тарихын терең білген. Оның сарапшылық қабілеті өз заманындағы оқиғалар мен құбылыстардың түпкі мәнін барынша терең және анық түсінуге, өзінің ағартушылық дүниетанымына сәйкес оларды бағалауға мүмкіндік берген.

М.Ж. Көпейұлының бірегей шығармалары әртүрлі кезеңдерде қазақ поэзиясының әдеби хрестоматияларына, оқулықтарына және жинақтарына енгізілген.

Жинаққа оның өмірі мен шығармашылығы, таңдаулы шығармалары, зерттеулер мен еске алу, әдебиеттанушылық материал, еңбектерінің хронологиялық көрсеткіші кірген. 

 
 

Контакты
050010, Казахстан,
г. Алматы, ул.Шевченко, 28
тел. +7(727) 261-00-37
факс +7(727) 261-02-60
e-mail: cnb@library.kz

Как нас найти

 

Поиск по сайту:

Издания Научной библиотеки
 
Copyright © Научная библиотека РГП «Ғылым ордасы» КН МОН РК, 2006
eXTReMe Tracker
 
Яндекс.Метрика